Қазақстан-Өзбекстан: Машина жасау саласындағы ынтымақтастық - Kazakh TV

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп шығарып жатқан жеңіл көлік санын 7 мыңға дейін жеткізеді. Алдағы уақытта ауылшаруашылық техникалары мен автобус құрастырылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан елшісінің Әндіжандағы машина жасау зауытына сапары кезінде айтылды. Аталған өндіріс орны көліктің бес түрін өндіреді. Отын шығыны аз шағын машиналардан бастап жол талғамайтын темір тұлпарға дейін. Көліктерге қажетті қосалқы бөлшектердің 75 пайызын өздері шығарады. Қосалқы бөлшектердің басым бөлігі Қазақстанға жіберіледі.

Өзбекстандық мамандар енді жол талғамайтын көліктің жаңа түрін жинайды. Бұл бұйыртса тұтастай отандық өнім болады, дейді зауыттағылар.

ИҚБОЛЖАН ТАШАБОСОВ, ЗАУЫТТЫҢ САПА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Жаңа «ТРЕКС» деген жол талғамайтын көлік. 2020 жылы шығарып бастаймыз, деп жоспарлап отырмыз. Барлық бөлшектері зауыт линиясында жасалады. Конвейерден шығып жатқан әрбір екінші көлік экспортталады. Болашақта бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

Биылдан бастап бірлесіп құрастыратын көлік санын арттыру екі елдің машина жасау саласындағы ынтымақтастық байланысының екінші кезеңінде атқарылатын маңызды шаруалардың бірі болмақ. Бауырлас елдер ұзақ мерзімді стартегиялық жоспардың арқасында ішкі нарықпен қатар көрші елдерде  сұранысқа ие  жеңіл машинаның жаңа түрін құрастырып шығаруға қол жеткізді. Ол көліктер  бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Машина жасау өндірісіндегі кооперациялық байланыс үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Соның негізінде өндірістің тағы бір жаңа  түрін қалыптастырдық. Бұл Елбасы жолдауында айтылған жаңа өндірістік ревалюция негізінде бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ірі өндіріс орынын құруға мүмкіндік берді. Біз машина жасау саласы бойынша ғана емес ішкі нарықта сұранысқа ие ауылшаруашлығы техникаларын шығаратын кластер құру жағын да қарастырып жатырмыз.

Өзбекстанда бірнеше машина жасау өндірістік аймағы құрылған. Әндіжанда жеңіл көлік. Самарқандта – автобус. Ал Ташкенте ауылшаруашылығы техникалары шығарылады. Болашақта екі ел арасында ірі машина жасау кластерін құру жоспарланып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер