Халықаралық көлік дәлізі - Kazakh TV

Транзиттік әлеуетті арттыру – Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі. Көлік стратегиясымен Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы өткен жылы шамамен 30% -ға артып, 2 млрд. 756 млн. АҚШ долларына жетті. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпкерлердің саудасы қызды. Облыста Түлкібас ауданындағы жер асты жолын қоспағанда барлық учаске пайдалануға берілді. Жыл соңында міндеттелген жұмыстар аяқталып, тапсырылуы тиіс. Облыста тауар айналымы мен жүк тасымалы жанданған. Ал күре жолдың бойынан кәсіп ашқан 400-ге жуық жергілікті кәсіпкер жолаушыларға қызмет көрсетіп жатыр.

АЙНҰР СЫЗДЫҚБЕКОВА, КӘСІПКЕР:

 - Біз сервисті дамытып, алысқа қатынайтын жүргізушілер үшін жол бойында тоқтап, тынығып алуларына барлық жағдайды жасаймыз. Бұл үшін жағармай бекетін саламыз, көлік жуу  нысанын ашпақпыз.

МҰХИТ АХМЕТОВ, «ОҢТҮСТІКЖОЛЛАБОРАТОРИЯ» РМҚ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бізде Шымкент-Жамбыл бағыты бойынша тоннель құрлысының жұмыстары қалды. Бұл нысанды желтоқсан айында толық тапсырамыз.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, автобанның құрылысы аяқталғалы жүк және жолаушылар тасымалы облыста екі есеге өскен. Әрі жолдың қашықтығы да қысқарып, көрші мемлекеттермен сауда-саттық жайы оңтайлана түсті.

БАТЫРХАН ҚҰРМАНСЕЙІТ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бұл Батыс Еуропа-Батыс Қытай магистралынан, ҚР оның ішінде біздің облыс экономикасына табыстарға жетуі тиіс. Себебі бұл жаңа жол. Жаңа мүмкіндіктер алып келеді. Жол бойындағы көрсетілетін қызметтер кіші және орта бизнеске жергілікті тұрғындарға жұмыс тауып беру тұрғысынан өте тиімді болады.

Магистрал бойынан қонақтар мен жолаушылар үшін 21 туристік нысан бой көтереді. Бұл нысандардың басым бөлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынбақ. Демек аймақтың экономикалық маңызы арта түседі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер