Қазақстанның Үндістанмен іскерлік байланысы өркендей түспек. Делиде Қазақстан-Үндістан іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Қазақстандық серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыс орнатуға Үндістанның жүзден астам компаниясы қатысты. Жиын аясында екі тарап В2В форматында келіссөздер жасады. Олардың қатарында Қазақстандағы ауыл шаурашылығы, құрылыс және трактор техникасын жасау сияқты жобалар бар. Сонымен қатар, Үндістанның батыс жағалауында орналасқан теңіз порттарының бірінде Қазақстанның жүк терминалын ашу бастамасы да қарастырылды. Іскерлік кеңес қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі жаңартылған «Жол картасы» қабылданды. Ал іскерлік кеңестің үшінші  отырысы 2019 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарланды.

БОЛАТ СӘРСЕНБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮНДІСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Біз екі елдің компаниялары арасында өзара ғарыш, әскери-техникалық салада әріптестік орната алдық. Энергетика, әуежай саласында үлкен жобалар бар. Сондықтан біздің сауда-экономикалық байланысымыз жақсы дамып келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер