Қазақстан мен Қытай арасында алыс-беріс әлеуеті артып келеді. Өткен жылы 1000 отандық автокөлік көрші елге экспортталған. Өскемен автозауыты құрастырған темір тұлпарды шығыстағы көршімізге 2017 жылдың қаңтарында жеткізіле бастады. Аспан асты елінің тұрғындары Қазақстандық жол талғамайтын көліктің сапасына баға беріп үлгерді. Олардың пікірінше, «Қазақстанда жасалған» көліктің бағасы мен техникалық сипаттамасы басқа автомобильдермен бәсекелестікке түсе алады.   

МА ШАОПИН, КӘСІПКЕР:

 - Бейжіңде көшеде жүрсем, жолда көптеген адам бұл қандай көлік деп таңданыс білдіріп жатады. Оны білетін жұрт, бас бармағын көрсетіп мақтап та кетеді. Қытайда «Ниваға» үлкен сұраныс бар деп ойлаймын.

Бүгінде Қытай астанасында Қазақстанда құрастырылған осындай ондаған көлік жүйткіп. Кәсіпкер Қазақстан экспортының географиясын кеңейтіп, отандық автокөліктерді аспан асты елінің барлық аймақтарына жеткізуге тиіс деп есептейді.

МА ШАОПИН, КӘСІПКЕР:

 - Қазақстанда жасалған көлікті былтыр Қорғаста сатып алдым да Бейжіңге дейін өзім жүргізіп келдім. Бұл автокөлік Қазақстан мен Қытайдың арасындағы жан-жақты әріптестіктің бір айғағы, тіпті «Бір белдеу, бір жол» бастамасының символы деп білемін.

Айта кетейік, қазақстандық көлік құрастыру зауыты елімізде жеңіл автомобильдерді өндіруде көш бастап тұр. Машиналарды құрастыру және сынау ісі инновациялық технологиялардың көмегімен, жаңа жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер