Отандық өнімдерге әлемдік нарықта сұраныс жоғары. Балықтың жон етінен дайындалатын сүбенің кезекті партиясы Израильге экспортталады. Бұл ел балық өнімдеріне қызығушылығы жоғары мемлекеттер ішінде Франция, Германия, Австрия, Литва мен ТМД елдерінен кейін оныншы орында тұр. Осылайша Атырау облысындағы өндірістік кооператив Елбасының халыққа Жолдауын толықтай орындап жатыр. Атап өтсек, Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ауылшаруашылық саласының дамуына басымдық берген еді. Ол аграрлық саланың ел экономикасының әлеуетін арттыруда маңызды екенін «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында да жазды.   

ЦИТАТА:

«Ауылшаруашылығы мен ауыл тұрғындарының мәселелерін шешу үшін Үкімет пен жергілікті органдарға нақты тапсырмалар берілді. Жоғарыға қарап алақан жаюшылық пен бас-басына субсидия берудің, қайтарымсыз қаражат бөлудің орнын енді әр адамның өзін-өзі асырауға, сөйтіп отбасын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызатын саясат басады. Ішкі көші-қонның және ауыл тұрғындарын келешегі бар аумақтарға қайта орналастырудың оңтайлы үлгісін анықтау қажеттігі де туындайды».

Жоғары сапалы отандық өнім тамақ өнеркәсібіндегі халықаралық стандарттың барлық талаптарына сай болуы сұранысты арттырады. Айта кетейік, әр елде тауарды өңдеу технологиясынан бастап оны мұздату, сыртындағы қорабын орауға дейін стандарты бар. Ал біздің отандық тауарлар барлық талаптарды қанағаттандырады.

ШАХНОЗА ШАМҰРАТОВА, ӨҢДЕУ ЦЕХЫНЫҢ ШЕБЕРІ:

 - Біз тәулігіне 3-4 тонна балық өңдей аламыз. Филе жасап шығамыз содан. Көксерке филеміз шетелдерге, Франция, Германияға экспортталып кетеді. Одан басқа сазан балықтарынан филе жасап шығарамыз. Ол ішкі нарыққа.

Өндіріс ошағы балық өнімінің 50 түрін шығарады. Олардың ішінде қақталған және кептірілген балық, балғын және тұздалған балық бар. Теңіз өнімдерінің ішінде балық шұжығы мен орама вакуумдық қорапқа салынады. Түрлі өнім шығаратын коопоротивтендірілген кәсіпорын балық аулаушылармен бірлесе жұмыс істейді.  

АҚБОТА ҚЫРЫҚБАЕВА, КООПЕРАТИВТІ КӘСІПОРЫННЫҢ САУДА ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:

 - Біздің өзіміздің флотымыз бар. Өздігінен басқарылатын кемелер теңізге шыға алады. Сондай-ақ біздің өз зауытымыз бар. Яғни балық өңдеу ісіне қажетті барлық жабдықтар бізде топтастырылған. 

Өткен жылы кооператив 2 мың тонна балық деликатесін экспорттады. Өнімдерді ішкі нарықтан да табуға болады. Өндіріс орнының ендігі мақсаты – балық консервілерін шығаратын цех ашу. Бұл табысты бизнес елдер арасындағы алыс берісті еселей түседі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер