Транскаспий халықаралық көлік бағыты – Қытай-Түркия-Еуропа транзиттік дәлізінің маңызды бөлігі. Иранды Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиямен байланыстыратын теміржол желілері бүгінгі күні өзара сауданы өрістетуге жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр. Транзиттік әлеуетті дамыту жоспарлары Бейжіңдегі конференцияда талқыланды. Кездесуді  Қазақстан, Грузия, Түркия, Әзербайжан және Қытай елдері ұйымдастырды.

РОМАН СЛЯР, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Біздің елдің Қытай мен Еуропа арасын жалғайтын басты көлік бағыттарын дамыта алатын барлық мүмкіндіктері бар. Соның ішінде біздің ел мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасында, одан ары Қара Теңіз бен Жерорта теңізіндегі порттарға шығуға дейін. Сол себепті қазір бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: инфрақұрылымды жақсартып, логистиканы жақсартуға басымдық берілуде.

Соңғы 9 жылда Қазақстан аталған халықаралық логистикалық желіні дамытуға 27 млрд доллардан астам қаржы бағыттаған. Грузия, Әзербайжан және Түркия елдерінің инвесторлары да үлес қосты. Мысалы, Әзербайжан тарапы осы жылдың маусымында Каспий теңізіндегі ірі порттың құрылысын аяқтайды.

ШАХИН МУСТАФАЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Қазақстан Алматыға дейінгі теміржолдың құрылысын аяқтады. Біз қазір Каспий теңізінде Әзербайжанның ірі сауда портын салып жатырмыз. Ол тасымалданатын жүк көлемін арттыруға едәуір септігін тигізбек.  Айлақтың жүк өткізу мүмкіндігі 15 млн тонна немесе 100 мың контейнерге жетпек.

Сарапшылардың болжауынша, 2020 жылға дейін Қытайдан Қазақстан арқылы теміржол тасымалының көлемі 2 миллион контейнерге жетуі мүмкін. Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытайдан Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, одан әрі Түркия немесе Украина арқылы Еуропаға жол ашып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер