Қазақстан Әзербайжанмен көлік-логистикалық әлеуетін арттыруда

Қазақстан мен Әзербайжанның логистикалық әлеуеті артып келеді. Мемлекетаралық бірлескен жобалар мен іскерлік байланыстың қарқынды дамуының нәтижесінде сауда айналымы өскен. Әзербайжан мемлекеттік кеден қызметінің мәліметінше, 2017 жылы екі ел арасындағы экспорт-импорт операциялары 142 млн доллар болды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 18 млн долларға артық. Қазақстан Әзербайжан еліне барлығы 108 млн доллардың тауарын саудалапты. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш әлі де өсетін болады.

ВУГАР БАЙРАМОВ, ЭКОНОМИСТ:

 - Зерттеулеріміз сауда айналымын арттыруға мол мүмкіндік  бар екенінін  аңғартып  отыр. Былтырғы көрсеткіштер көңілге қонымды, дегенмен біз әліде әлеуетті  толық қолдана алмай отырмыз.  Алдағы  жылдары біз  сауда айналымын 300 миллион долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.  2018-жылы елдеріміз арасындағы экономикалық байланыс жаңа белеске көтерілетініне сенімдімін.

Әсіресе, жүк тасымалы жүйелі жүзеге асып жатыр. 2016 жылмен салыстырғанда, екі ел арасындағы жүк тасымалы 300 пайызға артқан. 2017 жылы қос елдің көлік тасымалы саласы аясында атқарылған ауқымды жұмыстары бүгінде оң нәтиже беріп отыр.

ЧИНГИЗ ИСМАИЛОВ, АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ  /ӘЗЕРБАЙЖАН/:

 - Алят теңіз айлағында терминалдарды іске қосу жұмыстарының бірніші кезеңінің аяқталуы көлік тасымалының артуына серпін береді деп ойлаймын. Алғашында екі миллионнан 5 миллионға дейні, ал кейін 12 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Құрық айлағында сондай көрсеткіш болуы тиіс. Егер былтыр осы айлақ арқылы 1,2 миллион тонна жүк  жөнелтілсе, биыл 3 миллион тонна өткізу жоспарланған.  Бұл ретте Каспий аймағындағы теңіз айлақтары мен логистикалық шаруашылықтардың жетілдірілуі Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының дамуына серпін беретінін сөзсіз.

Қазақстан мен Әзербайжан әріптестігінің әлеуеті жыл сайын артып келеді. Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында екі ел өзара жол картасын бекіткен болатын. Құжатта көрсетілгендей 2020 жылға дейін сауда айналымы екі есе өсуі керек. Сонымен қатар, қос тарап энергетика саласына да басымдық беруде. Әзербайжан арқылы Еуропаға қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау қолға алынбақ.