Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы - Kazakh TV

Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасында ынтымақтастық одан әрі нығая түспек. Бауырлас екі ел арасындағы сауда-өнеркәсіптік саланы дамыту мақсатында аймақаралық ынтымақтастық форумы ұйымдастырылмақ. Оған еліміздің 16 облысы мен көрші мемлекеттің 14 өңір әкімшілігі және екі елдің іскер азаматтары қатысады. Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты тиімді келісімдер жасап, бүкіл Орталық Азия өңірінің одан әрі дамуына кепілдік беретін берік негізді қалыптастырып жатыр. Ал аталмыш форумда стратегиялық әріптес мемлекеттер арасындағы шекараға жақын аудандардың өзара қарым-қатынасына мән беріледі. Әр өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық аймақтары таныстырылады. Бүгінде Өзбекстанда қазақстандық кәсіпкерлердің қаржыландыруымен 206 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Өзара байланыстың нәтижесінде екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларынан асып, барлық саладағы көрсеткіш 30 % артқан. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш еселенеді, дейді мамандар.

ФАРИЗШОХ УСМАНОВ, ӨР ШЕТЕЛДЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

 - Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасында бұған дейін жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған форум негізінде екі елдің Президенттері 1,2 миллиард АҚШ долларынан асатын экспорттық бағыттағы келісімшарттарға қол қойған еді. Бүгінгі күні оларды іске асыру және одан әрі мониторинг жүргізу жұмыстары атқарылып жүр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер