Қазақстан мен Израиль түрлі сала бойынша екіжақты байланысты нығайтуда. Қазіргі таңда елдердің әріптестігі сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда дамып, мәдени-гуманитарлық байланыс нығая түсуде. Қазақстанда Израиль капиталының қатысуымен үш жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың санын әлі де арттыру көзделуде. Инновация, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салалары басты назарда болмақ.

МИХАЭЛЬ БРОДСКИЙ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Өткен жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға ширек ғасыр толғанын атап өттік. Байланысымыз бірнеше сала бойынша дами түсуде. Саясат, мәдениет экономика және бизнес тағы бар. Израильде технологиялардың жақсы дамығандығын білесіздер. Қазіргі уақытта бұл мәселе Қазақстанды аса қызықтырады. Әріптестігіміз өте жақсы дамуда деп ойлаймын.

Астанада ашылған «Дипломаттар – әлем халықтарының тақуалары» көрмесі Қазақстан мен Израиль арасындағы мәдени байланыстың айқын көрінісі. Ол халықаралық Холокост күніне арналған. Шараны Қазақстандағы Израиль елшілігі мен «Елбасы» тұңғыш президент қоры бірлесе ұйымдастырып отыр. Айту керек, бұл бірегей көрме «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасы аясында әзірленген.

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Көрме халықтардың бейбіт өмір кешуі мен қауіпсіздік проблемаларына қатысты барлық мәселелерді қамтиды. «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасының бағдарламасы тізіміне  халықтардың бір-бірін жақынырақ тануына мүмкіндік беретін түрлі шаралар енген. Мәдениеттің, ұлттық сананың кейбір тұстарының бұрмаланып, ұмтылуға шақ қалғанын көрсетеді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер