Қазақстан мен Оңтүстік Корея қаржы секторындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, енді Проблемалық активтердің қазақстандық қоры мен Корея Республикасының активтерін басқару жөніндегі корпорациясы өзара әріптестікте жұмыс істейді. Корея тарапы қазақстандық қорға техникалық және әдістемелік қолдау көрсетеді. Қаржы министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, Корея Республикасының активтерді басқару мәселелері Қазақстандық қаржы секторын қызықтырып отыр. Мұнда жұмыс істемейтін қарыздың үлесі екі пайызға да жетпейді. Сонымен қатар, Астана мен Сеул арасында 2014 жылы орнаған қаржы саласында білім алмасу бағдарламасының да ауқымы алдағы уақытта кеңейе түспек.

БЕРІК ШОЛПАНҚҰЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Ең алдымен, біз жүзеге асу процесіне қызығушылық танытып отырмыз. Банк секторын жақсартуға көмектесу үшін активтерді қалай басқаруға, құруға, сатуға болатындығы ғана емес, сонымен қатар,  зиянды активтерді сатып алудың арқасында өзіміз сатып алған кәсіпорынды жетілдіруге мүмкіндік береміз. Кореядағы KAMCO жүйесінде құрылғандықтан, бұл процесс көптеген кәсіпорындарды жетілдіруге мүмкіндік берді.

МУН ЧХАН ЁН, КОРЕЯ АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз әртүрлі салада ынтымақтастық құратынымызға үміттеніп отырмыз. Активтерді басқару жөніндегі Корея корпорациясы 1997 жылғы және 2008 жылғы дағдарысты сәтті жеңген болатын. Ноу-хаулар мен жұмыс істемейтін несиелерді реттеу тәжірибесі бар. Кореяның тәжірибесі Қазақстанға көмектесетініне сенемін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер