Қазақстанның өңірлері шет елдермен өзара тиімді серіктестіктің аясын белсенді түрде кеңейтіп жатыр.  Мысалы, Қызылорда облысы Татарстанмен сауда-экономикалық байланысты жан-жақты дамытуда. Сыр өңірінен Татарстан Республикасына арнайы барған делегация ынтымақтаса жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді. Қазақстандық тарап Қазан қаласындағы инновациялық нысандарды, соның ішінде, «Иннаполис» пен Ай Ти паркін аралады. Сапар барысында ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығында бірқатар келісімдерге қол қойылды. 

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Ынтымақтастықты тереңдете түсуге болатын салалар аз емес. Татарстанда өнеркәсіп жақсы дамыған, ауыл шаруашылығында да біз үшін қызықты тәжірибесі бар. Біздің мамандар қазір бірігіп арнайы жол картасын әзірлеуде. Оған қолға алынатын жобалар енгізілетін болады.

РУСТАМ МИННИХАНОВ, ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Сыр өңірінде Менделеев кестесінде кездесетін барлық қазба байлықтары бар. Даму қарқыны жоғары, сол себепті аймақ инвесторлар үшін аса тартымды. Әрине, Татарстан Республикасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бүгінде Қаазақстан біздің елдің сауда-экономика саласындағы ең сенімді серіктесі. 

Ал Маңғыстау облысы болса, Ұлыбритания мен Қытай елдерімен инвестициялық ынтымақтастықты күшейтті. Мұнда шетелдік кәсіпкерлердің қатысуымен «Ақтау – эко қала» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында қолжетімді баспана, сауда үйлері, мектептер мен балабақшалар, медициналық орталықтар, АйТи парк және спорт стадионы салынады. Облыс әкімдігі қаланың солтүстік бөлігінен 865 гектар жер бөледі. Жоба құны 2 миллиард 100 миллион долларды құрайды. Сонымен қатар, аталмыш қалашық экологиялық таза технологиялармен тасымалдау қызметтері көрсетілетін болады.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Бұл жобаның өңірдің көркеюіне тың серпін берері сөзсіз. Біріншіден Ақтаудың дамуына ауқымды инвестиция құйылады. Сондай-ақ, құрылыс индустриясы қарқын алады. Бұл әрине жаңа жұмыс орындарының ашылып, әлеуметтік мәселені шешуге мүмкіндік береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер