Еліміздің 40-тан астам мемлекетпен автокөлік қатынасы туралы келісімі бар. Енді олардың қатарына Әзербайжан Республикасы да қосылды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, екі ел арасындағы жүк айналымы өткен жылы үштен бірге артты. Яғни, автокөлікпен жүк тасымалдау 31 пайызға өсіп, 9 мың тоннаға жеткен. Ал соңғы екі жылда Қазақстан мен Әзербайжан арқылы транзиттік тасымал Грузия мен Түркияға екі есеге ұлғайды. Құрық порты арқылы трафик 10 есеге өсті-100 жүк көлігімен айына мыңға жетеді. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне тек тауарлардың жеткізу есебі ғана емес, сонымен қатар, жолаушылар тасымалының да әсері бар. Өткен жылдың өзінде біздің еліміз арқылы Азиядан Еуропаға дейін шамамен 600 мың адам өткен. Айта кетейік, елдің транзиттік әлеуетін дамыту және жүк ағынын тарту жөнінде белсенді жұмыс Орталық Азиядағы ірі логистикалық хабты құруға мүмкіндік береді.  

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан 2020 жылға қарай жүк тасымалынан жылына 5 млрд доллар пайда табуы керек. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды, келесі екі жылда Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға транзит екі есе артады. Осылайша, біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын толықтай орындаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер