Ұлы Жібек жолы – Батыс пен Шығысты байланыстыратын ежелгі сауда жолы. Ал Алтынкөл станциясы мен халықаралық «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық орталығы Иран мен Парсы шығанағы, Орталық Азиядағы және Еуропадағы барлық жүк тасымалдарын қалыптастырады. Осы ретте «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру маңызды болмақ. Аймақта 91 нысанның 77-сінде жұмыстар толығымен аяқталды, енді 7-і салынып жатыр. 25 инвестициялық жоба жұмысының жалпы құны бес жүз млрд теңгеден астам болады. Ал Қорғас арқылы күн сайын 5 мың адам Қытайға өтеді.

ҚАҺАРМАН ЖАЗИН, "ҚОРҒАС" ШЫХО" АҚ-НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Биыл жүк терминалының құрылысы басталмақ. Мұндағы қызметтер халықаралық талаптарға сай келіп, кіріс-шығыс тасымал жүктері арнайы цифрланады. 

«Алтынкөл» теміржол бекетінің құрылғанына бес жыл. Мұндағы жаңғырту жобаларынан кейін жүк трафигінің деңгейі өсті. Бастапқы кезде жылына 80 мың тоннаға жейін жүк тасымалданса, қазір бұл көрсеткіш бір жарым миллионға жетті.

ЖАНДОС ҰНТАҚБАЕВ, «АЛТЫНКӨЛ» СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Жүкті қабылдап алуға және жөнелтуге 3 сағат 55 минут кетеді. Артық салмақтағы  жүк пен транзиттік декларацияны рәсімдеу 90 минут уақыт алады.

Халықаралық көліктік логистика саласында  Қазақстанның әлеуеті жоғары. «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-ның дамуы Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады, бұл елдің транзиттік мүмкіндігін арттыра алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер