Қазақстан Қытайға газ тасымалын арттырды - Kazakh TV

Қытайға тасымалданатын қазақстандық газдың көлемі 10 млрд текше метрге дейін артады. Бұл туралы екі елдің мұнай-газ корпорациялары өзара келісім жасады. Қос тарап газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға, қолданыстағы газ құбырларының қуатын жаңартуға және кеңейтуге ниетті. Атап айтсақ, 2019 жылдың соңына дейін «Қазақстан-Қытай» газ құбырының «А» және «В» желісінің қуатын арттыру туралы шешім қабылданды. Еске сала кетейік, Қазақстан аумағы арқылы тасымал кеңейіп, жаңа компрессорлық станциялар салу нәтижесінде өткен жылдың соңында газ құбырының сыйымдылығы артқан еді. Алғашқы жұмыс 2017 жылы қарашаның соңында басталды. Сонымен қатар, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілетін арттыру жоспарланып, жоба аясында жаңа кешендер құрылады. Станциялардың негізгі міндеті – Орталық Азия отынын Қытайға тасымалдау, Қазақстанмен транзиттік байланысты арттыру.

ҚАЙРАТ ОСПАНҚҰЛОВ, «АЗИЯ ГАЗ ҚҰБЫРЫ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Қазақстан-Қытай газ құбыры жалпы алғанда Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытай арқылы төрт елге өтеді. Қазақстан аумағында ол Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды.

Айта кетейік, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың Орталық Азия елдерінен әкелетін газдың жалпы көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артып, 38 миллиард 700 миллион текше метрге жетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер