Еліміз Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттермен көлік-транзиттік әріптестікті дамытуға ниетті. Осыған орай Парламент Сенаты тиісті ведомствомен бірге Қазақстан мен Әзірбайжан арасында халықаралық автомобиль қатынасы жайлы келісімді қарастырды. Құжатта тасымалдаушыларды салық пен жолдарды жөндеуге алынатын түрлі алымдардан босату қарастырылған. Айту керек, бұл санатқа ақылы жолдар мен  көпірлер кірмейді. Оларға бұған дейінгідей ақы төленетін болады. Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, келісімді ратификациялау елдер арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайта түспек. Сондай-ақ ол үкіметте елдің транзиттік әлеуетін арттыру жұмыстарының да белсенді жүргізілуде деп отыр. Қазақстан Орталық Азиядағы ірі логистикалық торап құруды жоспарлауда. Қазіргі таңда елімізде автомобиль қатынасы жөнінде  41 халықаралық келісім жасалған. Алдағы уақытта Дания және Португалиямен де дәл осындай келісмдерге қол қою көзделуде.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ  ВИЦЕ-МИНИСТРІ

 - Біз жолдарды бизнесті дамыту үшін саламыз. Осының арқасында жеңіл және жүк көліктерінің қозғалысы барынша ыңғайлы болады. Біздің ендігі міндетіміз тасымал көлемін арттырып, көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу. Елбасының жолдауында көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартып, жолдар желісін қалпына келтіру міндеті қойылды. Транзиттік бағыт бойынша ғана емес, жергілікті жолдар желісін де қалпына келтірудеміз. 

МАНАП КӨБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Қазақстан үшін көлік-логистикалық саланың маңызы аса  зор. Өткен жылмен салыстырғанда, жүк тасымалы 17 пайызға артты. Бұл 17 млн тонна шамасында. Әзірбайжанмен 1999 жылы келісім қабылданған болатын. Ол 2005 жылы өз күшін жойды. Ал өткен жылдың сәуір айында Елбасы Әзірбайжанда болған кезде елдер арасындағы автомобиль қатынасы  мәселесі көтерілді. Президент тапсырмасы бойынша тиісті жұмыс атқарылуда.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер