АҚШ-2005 жылдан бері біздің экономикамызға шамамен 27 миллиард доллар инвестиция құйған Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі. Америкалық компаниялар тарапынан еліміздегі шикізаттық емес секторларға қызығушылық артып отыр. Бұл саланың келешегі зор. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың айтуынша, екі ел кәсіпкерлері арасындағы тығыз ынтымақтастық Қазақстанға өз экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп арасындағы кездесу инвесторларды ғана емес, сонымен бірге, саяси топтардың өкілдерін де тиімді шоғырландыруға ықпал етеді.   

ДЖОРДЖ КРОЛ, АҚШ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Екі елдің Президенттері Трамп пен Назарбаевтың кездесуі екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Іссапардың басты мақсаты - жеке байланыстар орнату, бұл жаңа келіссөздер мен кездесулер тек басшылардың ғана емес, министрлердің, іскерлік топтардың және бизнес арасындағы кездесулерге де тиімді болмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер