Қазақстанның экспорттық тауар түрлерінің қатары артып келеді. Отандық кәсіпорындардың бірі сыртқа гранит жеткізе бастаған. Экспорттық нарықты бағындырған зауыт Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Төңкеріс ауылында орналасқан. Өндіріс орны қазірдің өзінде Ресеймен сауда байланысын нық орнатыпты. Алғашқы бастамалар нәтижелі. Бүгінде кәсіпорын мыңдаған шаршы метрден асатын гранит плиталарын көрші елге жөнелтті.  

БАҒЖАРЫҚ ҚҰРМАН, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұрын біздегі блоктарды, мына желтау блокты сатып алатын болсақ басқалардан. Биыл май айынан бастап, өзіміздің карьер сатып алып, сол жерден жұмыс бастап, май айынан бастап өзімізге блоктар келіп жатыр, міне. Ішкі нарықты қанағаттандырып, енді сыртқа қарай, Ресейден сұраныстар кеп жатыр бізге. Экспортқа шығарамыз ба деп. Болашақта Ресейдің қалаларынан филиал ашуға неғып жатырмыз, әрекет жасап жатырмыз. 

Ұзаққа созылған процесс пен өңдеуден өткен материал әдемі әрі берік тасқа айналады. Зауытта Қытай елінен тәжірибе жинақтап келген мамандар жұмыс істейді. Ал кәсіпорын жалпы саны 60 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт қызметкерлері шикізаттың молдығы мен заманауи технологияның арқасында сапалы өнім алып отыр. 

Ал Арал өңірі кварц құмын экспортқа шығармақ. Қармақшы ауданынадағы кварц өндіретін кәсіпорын жылына 80 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны жаңа технологиямен жабдықталған, әрі өздері кенді өндіреді. Ал оны өңдеу жұмыстарын бірнеше есеге ұлғайтып жатыр. Бұрын шикізат сыртқы компаниялардан сатып алынса, қазір кәсіпорын аумағында 23 гектарды алып жатқан карьер бар.  Қармақшы тұрғындары үшін құм бизнесі таңсық емес. Осыдан он жыл бұрын өңірдегі карьерлер «Байқоңыр» ғарыш кешенін мен ондағы жолдарды салуға пайдаланылды. Енді кварц құмы аймақтағы ең озық индустриалды салаларды көтеруге көмектеседі.

ТАЛҒАТ СМАТОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздің негізгі әріптестеріміз – уран өндіретін компаниялар мен өңірдегі ең ірі күкірт қышқылы зауыты. Заманауи технологиялардың көмегімен кварц құмын шығарамыз. Ал біздің өнім әйнек шығаратын өндіріс орнына, жол құрылысына және тағы басқа салаларда үлкен қажеттілік туғызып келеді

Әлемдік құрылыс нарығында қазақстандық гранит пен кварцты құмға сұраныс бар. қазақстандық өнімнің сапасы жоғары, әрі бағасы да тиімді. Отандық өндірушілер алыс-жақын елдермен байланыс орнатып, экспорт көлемін арттырып, жоғары көрсеткіштерге жетуді көздеп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер