Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 300 миллиард долларға жуық шетелдік  инвестиция тартылған. Бұл – Орта Азия елдеріндегі барлық инвестициялардың шамамен үштен бірі. Шетелдік инвесторларды Қазақстандағы ішкі тұрақтылық, кәсіп жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайлар мен түрлі преференциялар қызықтырады. Оған қоса, «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы құрылып, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу, түйткілді мәселелерді қарау мен олардың шешімін табу едәуір жеңілдей түсті.

ДЁРДЬ ТАР, ВЕНГРИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКА ЖӨНІНДЕГІ АТТАШЕСІ:

 - Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл түсінікті де. Бұл - экономикаға көптеп қаржы және инвестор тарту үшін қажет қадам. 90-шы жылдардың басында Венгрияға халықаралық компанияларды тарту үшін бізде де осындай шаралар қабылданған.

10 жыл бойы тоқтап тұрған Ақсу қант зауытына 15 млрд инвестиция тартылып қайта іске қосылды. Нәтижесінде 330 мың тонна қант өндірілді. Көп ұзамай Алматы облысында бірнеше жаңа сала жұмыс істей бастайды.

ӘЛІМЖАН ТОҚТАСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИИД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Талдықорғанда газды айлақты қоспағанда индустриялды аймақ 100 пайыз дайын. Голландиялық «Фарн Френзе» компаниясы «Береке» индустриялды аймағында жобалауды бастады. Ұлттық компанияның көмегімен біз оларды жер телімімен қамтамасыз етеміз. Енді тығыз инфрақұрылым мен үлкен жобалар жүзеге асырылып, экспортқа арналған өнімдер шығарыла бастайды.  

Елімізге инвестициялардың басым бөлігі Ұлыбритания, Швейцария, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Қытай елдерінен тартылады. Соңғы жылдары Қазақстандағы іскерлік жағдайды жақсарту мақсатында елеулі жұмыстар атқарылып жатыр. Дүниежүзілік «Doing Business» банкінің рейтингісіне сүйенсек, еліміз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болып табылатын Бельгия, Италия, Израиль, Грекия, Түркия секілді елдерді басып озып, 36-шы орынға шықты. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер арасында Қазақстан Беларусь, Армения, Қырғызстан елдерін айналып өтті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер