Қазақстандағы индустралды өсімнің негізгі көзі – өңдеу секторы. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асыру осындай  нәтиже көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, индустрияландыру экономиканың құрылымын өзгертеді. 2017 жылы республикадағы жалпы ішкі өнім шамамен 4% -ға жетті. Өсімнің жартысына жуығы өнеркәсіптік өндіріс, мұнай мен кенді өндіру есебінен қамтамасыз етілді.

МАДИЯР КЕНЖЕБОЛАТ, ЭКОНОМИСТ:

 - Ел экономикасы, біріншіден, өнеркәсіп салалары арқылы артты. «Қашағанның» іске қосылуы ең көп пайда әкелді. Екіншіден, өңдеу саласы жалпы ішкі өнімді арттыруға жағдай жасады. Оның ішінде металлургия өндірісі кең қанат жайды. Үшіншіден, сауда. Бұл сала да қарышты қадамдарымен қуантты. 

Сарапшылардың пікірінше, республикада экономикалық өсу дамудың жолына түсті. Әртараптандыру және шетелдік инвестицияларды тарту міндеті жүйелі жүзеге асырылды.

ЕРБОЛ ТАСЖҮРЕКОВ, ҚР ИДМ ИНВЕСТИЦИЯЛАР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға дейін өңдеу саласына құйылған инвестиция көлемі 8 пайыз болса, 2017-нің алғашқы жартыжылдығында көрсеткіш 22,8 пайызға ұлғайды. 

Алдағы бес жылда ұлттық экспорттық стратегияның басты мақсаты – шикізаттық емес экспорттың көлемін 50 пайызға арттыру болмақ. Бұл есеп мұнай-газ саласына ғана емес, сонымен қатар, сауда және ауыл шаруашылығына да қатысты. Сарапшылардың пікірінше, аталмыш саланың елімізде әлеуеті жоғары. Демек ел экономикасының даму қарқынына оң әсерін береді. Тіпті біздің еліміз әлемдік көрсеткішті жаңарта алды. Егер орташа есеппен әлемдік экономиканың өсуі 3 пайыз деңгейінде болса, Қазақстанда 4 пайызға жетеді. Сонымен қатар, сарапшылар алдағы жылдарда  республика осы қарқынын сақтап қалатынына сенімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер