Соңғы 12 жылда Қазақстанға бағытталған тікелей инвестиция көлемі 250 млрд доллардан асты. Өткен жылы экономикамызға тартылған шетелдік капитал көрсеткіші 40 пайызға артып, 20 млрд АҚШ доллары болған. Бұл - елде шетелдік бизнеске қолайлы жағдай жасап, инвестициялық ахуалды жақсартудың арқасында мүмкін болып отыр,-дейді сарапшылар. Қолға алынған шаралар көрсеткішті арттыруға жол ашты. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында елге бағытталған инвестиция мөлшері  10 млрд долларға жетті. Астанада үздік инвесторларды марапаттау кезінде Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров осылай деді. Шараға мемлекеттік органдар, шетелдік дипломатия мен іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты. Бес компания құрмет сыйақысының лауреаты атанды. Олардың әрқайсысы экономиканың басым салаларында қызмет етуде. Бұл – агроөнеркәсіп кешені, өңдеу, тау-кен -металлургия өнеркәсібі, фармацевтика мен логистика салалары.

ЕРЛАН ХАЙЫРОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Біз үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасау маңызды. Сондықтан халықаралық ұйымдармен бірге арнайы бағдарламалар қабылдап, инвестициялық жағдайды жақсартуға барымызды салудамыз. Бұл жұмыс елге келу, визасыз кіру кезінен басталады. Қазіргі таңда Қазақстанда 60-тан астам елмен визасыз жүйе қарастырылған. Жергілікті бизнес көрсеткіштерін де жақсартуға аса мән беріп отырмыз. Қазіргі таңда елімізде кәсіпорын ашу, жалпы бизнес бастау ісін жеңілдетіп отырмыз. Бұл үшін бірыңғай оператор қызметін атқаратын ұлттық компания бар. Үкімет Қазақстанға келетін инвесторлардың бизнес жүргізуін жеңілдетудің барлық жолдарын қарастыруда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер