«Жол картасы» бағдарламасы: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 35 пайызға артты

Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы сан ғасырларға астасып жатқан бауырлас мемлекеттер. Қос елдің арасындағы саяси байланыс жыл өткен ұлғайып, алыс беріс артып келеді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 35 пайызға артты. «Жол картасы» бағдарламасы екі елдің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара сауда көлемін арттырып, бірқатар салаларды бірлесе дамытуға серпін береді, дейді мамандар.  

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Қазақ пен өзбек бауырлас, тарихы тамырлас елдердің бірі. Осы жылдары үлкен жетістікке жекткенімізге біз қуанып жатырмыз. Биыл 2 миллиардқа жетіп жатқан тауар айналымы басқа елдерге де үлгі болып отыр. Соның арқасында туризм мен мәдениет саласында үлкен жобалар ашып жатырмыз.

Екі ел арасында тауар айналымымен қатар, туризм саласы да дамып отыр. Саяхатшыларды орындарды аралатып, Қазақтың ұлы даласындағы бабалар мекенімен қауыштыру үшін арнайы жобалар жасалған. Оған қоса Ташкент-Шымкент бағытында автобус жүрмек. Әуе байланысы жүйелі. Темір жол мен көліктік логистика тұрақты дамып келеді. Шекарадағы бақылау-өткізу бекетерінің оңтайлануы тауар айналымы мен бизнеске жағдай жасап отыр

КАМОЛЛАДДИН ИШАНХОДЖАЕВ, ӨЗБЕКСТАН ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Өзбекстан мен Қазақстан республикасы әлімсақтан бір-біріне өте жақын ағайын елдер  десе болады. Бір жылдың ішінде екі мемлекет басшысының пәрменімен байланыс қарқынды дамыды. Біз сол көш басшыларын қолдау қуаттау арқылы талай белестерге бірге жетеміз.

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестер. Өйткені оңтүстіктегі көршімізге біз арқылы Еуродаққа жол ашылады. Ұлы жібек жолы қос тараптың ғана емес Орталық Азия елдерінің дамуына арқауы болып отыр. Биылдың өзінде мемлекет басшылары бірнеше маңызды кездесулер өткізіп, ортақ саяси шешімдер қабылдады. Соның нәтижесінде екі елдің кәсіпкерлері қатысқан халықаралық бизнес форумда жалпы құны 1,2 миллиард АҚШ долларына тең 75 келісімшартқа қол қойылды. Бүгінде Өзбекстанда 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын еңбек етеді.