Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның алғашқы ондығына және алты ірі инвесторлар тізіміне енді. 2005 жылдан бері соңғы 12 жыл ішінде Қазақстанға Ұлыбританиядан 12 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Лондон елімізде инвестиция көлемін арттыруға, Қазақстан экономикасының цифрландыру, жаңа технологиялар пайдалану, жасыл энергетика секторларының дамуын қолдауға әзір екенін мәлімдеді. Игі бастама ғылыми-зертеу және инновациялық технологиялар бағытында табысты жаңалықтарға жол ашпақ. Бұл Біріккен Корольдіктің астанасында өткен Қазақстан–Британ Үкіметаралық комиссияның отырысында айтылды.  

КЭРОЛИН БРАУН, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Басты мақсат – компанияларды бір-біріне таныстыру және іскерлік байланыс орнатуға бағыттау. Сондай-ақ Қазақстанға хайтек технологиялар тарту және құқық салалары бойынша кеңес беру.

Отырыста қазақстандық тараптан барған өкілдер біздің мемлекеттің индустриалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға сеп болатын британиялық озық технологиялар мен инновацияларға деген қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.

САПАРБЕК ТҰЯҚБАЕВ, «KAZAKH INVEST» ҰҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Қазіргі осы жұмыстың нәтижесінде тек қана дәстүрлі секторларға, яғни мұнай жән газ емес, басқа да жаңа секторларға өңдеу секторларына инвестиция күтілуде.

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар бойынша Казақстан-Британ Үкіметаралық комиссиясының отырысының қорытындысы бойынша, бірқатар екіжақты құжаттар пен іскерлік келісімге қол қойылды. Олардың арасында ғылыми-зерттеу қызметтерін көрсету және смарт технологиялар саласында әріптестік орнату бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер