Қазақстандық инвесторлар Өзбекстанның «Ташкент сити» жобасына қатыса алады. Осы мақсатта отандық іскерлерге іскерлік орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Ташкенттің қақ ортасында орналасатын бизнес қалашықтың құрылысы алдағы жылы басталады. Жобаға арнап 80 гектар жер бөлінген. Қалашықта тұрғын үйлерден бөлек, заманауи 40 қабатты бизнес-кеңселер, қонақ үйлер, концерттік залдар мен сауда, ойын-сауық орталықтары бой көтереді. Жоспар бойынша, «Ташкент сити» тек қана Өзбекстанның емес, Орталық Азия елдерінің халықаралық іскерлік орталығына айналуға тиіс. Сондықтан бұл тиімді инвестиция болмақ, дейді мамандар. Аталған ірі жобаны жүзеге асыру мақсатында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын әкімшілік кеңесі құрылған.

БАХРАМ РИЗАЕВ, ТМД ЕЛДЕРІНЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

 - Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан жеке меншік болып табылады. Оған өз қалалаулары бойынша иелік жасайды. Көздеген мақсаттарына жұмсай алады. Яғни жалға берулері мүмкін немес қажет деп тапса сатуларына да болады. Ешқандай шектеу қойылмайды. Ең бастысы Президент  инвесторлардың құқын сақтауға кепілдік беретін көптеген шешімдер қабылданды. Тағы бір айта кетерлігі кез-келген шетелдік кәсіпкер Өзбекстанда тапқан табысын емін-еркін жаратуға және елден алып шығуға құқылы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер