Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастығы нығайды. Биылғы жылдың тоғыз айында өзара тауар айналымы 73 млн АҚШ долларына жеткен. Қос мемлекет экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге мүдделі. Соның ішінде инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше басымдық беріліп отыр. Қазақстанның Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлейменнің айтуынша, осы ретте инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің маңызы зор. Жоспар бойынша құжатқа келер жылдың бірінші жартысында қол қойылады. Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасқа жаңа серпін беруі тиіс.

ҮСЕН СҮЛЕЙМЕН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИНГАПУРДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Біз қазір премьер-министр Сағынтаев мырзаның Сингапурға жасалатын жұмыс сапары аясында «Қазақстан-Сингапур» бизнес форумын өткізуді жоспарлап қойдық. Іскер азаматтарымыздың басқосуына «Қазақстандағы инвестициялық әлеует – Сингапур мен Азия – Тынық мұхиты аймақтарының ашылмаған мүмкіндіктері» деген атау бердік. Мақсат – 150-200 қазақстандық бизнесменді алып барып, ондағы жеке кәсіп иелерімен іскерлік әріптестікті орнатудың алаңын құру. Елімізде инвесторларға жасалатын жағдайлардан құлағдар ету. Сондай-ақ «Самұрық Қазына», «Қазақинвест», Бәйтерек», «Атамекен» ҰКП сынды жетекші компаниялардың жұмысымен таныстыру.

Екіжақты байланыстарды қолдау мақсатында 2018 жылы Қазақстан мен Сингапур азаматтарына визасыз режим тәртібі енгізіледі. Мерзім қазіргі 15-тен 30  күнге дейін ұлғайтылмақ. Ал, 2019 жылы Сингапур-Астана арасында тікелей әуе рейстерін ашу көзделіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер