НЗМ оқушылары израильдіктерден кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренді

Қазақстандық оқушылар халықаралық кәсіпкерлікті дамыту жобасымен жан-жақты танысып, мамандармен тәжірибе алмасты. Назарбаев университетінің базасында елордалық мекетеп оқушыларының арасында іскерлік дағдыларды дамыту жобасы өткен болатын. 14 пен 18 жас аралығындағы 30 оқушы қатынасқан шеберлік сабағы үш айға созылды. Тель-Авив университетінің кәсіпкерлері оларды израильдық компаниялардың бизнес идеяларымен таныстырып, технологияларын дамытуға үйретті. Курстың нәтижесінде жас кәсіпкерлер өздерінің веб-сайттарын және ұялы қосымшаларын іске қосып, сонымен қатар, сату, туризм және «жасыл экономика» үшін ұсынылған нұсқаларын жасады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік деп танылған, болашағы зор жоба қолданысқа енгізіледі. 

БОГДАН БЕРЛОВ, НЗМ ОҚУШЫСЫ /АСТАНА/:

 - Біздің жобамыз «Hype'n'flow» деп аталады. Оның негізгі мақсаты – астана бойынша сауда автоматтарын орнату. Құрылғыда адамның жүйке жүйесін стрестен құтқаратын ойыншықтар болады. Жоба аясында біз топпен жұмыс істеуді үйрендік. Сонымен қатар, кәсіп ашудың барлық қырымен танысып, оны дамыту аясында мамандардан тәжірибе жинақтадық.