Ташкентте «Қазақстан мен Өзбекстанның өткені, бүгіні және жарқын болашағы» конференциясы өтті

2018-ші жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп белгіленуі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі жандандыра түспек. Ташкентте «Қазақстан мен Өзбекстанның өткені, бүгіні және жарқын болашағы» талқыланған жиынға қатысқан дипломаттар мен зиялы қауым өкілдері осындай сенім білдіріп отыр. Бауырлас мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне орайластырылған жиында  қос ел президенттерінің ынтымақ пен берекенің Орталықазиялық үлгісін қалыптастырғаны  айтылды. Қазіргі таңда елімізде 800- ге жуық Өзбекстанмен бірлескен кәсіпорын бар. Ал көрші елде қазақ инвесторларының қаржылай қолдауымен 200-дей өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Бұл биылдың өзінде екі ел арасындағы  тауар айналымы 30 пайызға ұлғаюына ықпал етті.

БАХТИЕР ИСЛАМОВ, ТАШКЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - 25 жылда екі ел бірге үлкен жолды жүріп өтті. Әрине ол жеңіл емес ауыртпалығы мол жыл. Біздің экономикамыз етене сабақтасып жатыр. Бірін-бірі толықтыра түседі. Бір бірімізбен бәсекелес елдер емеспіз,  қайта бір-бірімзді  толықтырып отырамыз. Бұл жүйе болашақта экономикалық байланысымызды жақсартуға үлкен мүмкіндік береді.

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Бұндай жетістіктер болмаған шынын айтқанда 2017 жылы осы жетістіктеге нақты табыстарға толы жыл болды.Қазақстан мен Өзбекстан жасап жатқан инвеститциялық жобалар өте үлкен.Себебі 2017 жылы жасалған жұмыс ол салада нақты болды.Биылғы жылы 30 пайызға дейін екі елдің арасындағы қарым-қатынас және сауда инвеститциялық шараларда осындай  үлкен жетістіктер бар.