Қазақстан мен Әзербайжан сауда-экономикалық саладағы серіктестікті нығайту үшін 2018-2020 жылдарға арналған «жол картасын» қабылдады.  Бұл келісім Бакуде өткен үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысында бекітілді. Биыл  тоғыз айда екі ел арасындағы тауар айналымы 3,7 пайызға артып, 102 жарым миллионға жеткен. Сонымен қатар,  жиында Әзербайжан арқылы мұнай мен газ тасымалдау мәселесі жан-жақты талқыланды. Ол үшін экспорттаудың бәсекеге қабілеттілігін бақылайтын комиссия тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылады. Біз әлемдік нарыққа көлемді жобаларды шығаруымыз керек. Отырыста еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қашаған» мен «Теңіз» мұнай кен орындарында өнім көлемінің артқандығына байланысты қосымша тасымалдау бағыттарын қосу туралы мәселені қарастырды. Айта кетейік, қазіргі таңда Ресей еліміздегі өнімді тасымалдаудың жалғыз арнасы болып табылады.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - Біз Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдаудың перспиктивалық бағытын қарастырып жатырмыз. Жалпы елімізде газ өндіру көлемі артып келеді. Әзербайжанда сұйытылған табиғи газ зауытының құрылысын жүргізу жоспарда бар. Каспий арқылы Әзербайжанға, одан соң өзге де елдерге экспорттамақпыз. Ол үшін министрлік пен ұлттық компания өкілдері және сарапшылардан тұратын арнайы жұмыс тобы құрылады. Олар жақын арада осы жобаның қаншалықты табысты және бәсекеге қабілетті екенін айтуы тиіс. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер