Қытай компаниясы Ақтөбеде полиэтилен және полипропилен өндіру үшін 4 млрд доллар инвестиция салуға дайын. Осы мақсатта тараптар тиісті құжаттарға қол қойды. Өнімді негізінен Қытайға және көрші мемлекеттерге экспорттау жоспарланып отыр. Жобаны толықтай жүзеге асыру үшін екі жылдай уақыт қажет. Зауыт жылына 60 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Инвестор Чжау Кайдың айтуынша, корпорация халықаралық талаптар мен стандарттарды қанағаттандыратын, қоршаған ортаны ластамайтын технологиягны қолданады.   

ЧЖОУ КАЙ, КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

 - Біздің компания xимия өнеркәсібінде Қытайда алдыңғы орында. Сондықтан жетілген теxникалық мүмкіндіктер мен Ақтөбе облысының табиғи газ саласын пайдалана отырып полипропилен және полиэтилен өндіруге инвестиция салмақпыз. Қытайда бұл өнімге сұраныс жоғары. Бүгін өте жемісті кездесу болды. Жобаны екі кезеңге бөліп жүзеге асырамыз.

Ақтөбе облысының әкімі Қытайға жасаған сапарында тағы бір қытайлық компаниямен келісім шарт жасасты. Шетелдік инвестор енді елімізде калий тұзын өндірмек.  Қазір барлау, бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келер жылдың наурыз айында жаңа технологияны сынақтан өткізу жоспарланған.

ЧЖАН ЦЗЮНЬ, «KAZAKHSTAN POTASH CORPORATION» БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

 - Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев мырзамен кездесуіміз сәтті өтті. Біз ашық әңгімелестік. Екі ел xалқына да тиімді жобалардың көптеп жүзеге асқанын қалаймын. Сондықтан бұл кездесудің маңызы зор болды деп ойлаймын.

Айта кетейік, Қазақстанда калий тұзының 6 миллиард тонна қоры бар. Оның басым бөлігі еліміздің батыс өңірінде жатыр.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер