Құрық порты және Анаклия айлағы арасында келісімге қол қойылды

Қазақстандағы Құрық кемежайы грузиндік Анаклия айлағымен әрістестік қарым-қатынас орнатты. Тбилисиде өткен форумда сәйкес меморандумға қол қойылды. Қаратеңіз кемежайының іргетасы 20 желтоқсанда қаланады. Соған қарамастан, Анаклия портының басшылығы шетелдік әріптестермен серіктестік туралы келісім жасап үлгерді.

ТАГАН ОСПАНОВ, ҚҰРЫҚ ПОРТЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Құрық теңіз айлағын дамыту үшін, Анаклия кемежайы мен меморандумға қол қойылды. Біздің жүк  Еуропаға тасмалдануы үшін Анаклия портын таңдадық. Себебі, бүкіл жүк Баку мен Грузия арқылы өтеді.

Кемежаймен қатар Анаклия қаласы да көркейіп, өркендейді. Онда әлеуметтік нысандар, әуежай мен темір жол, тұрғын үй кешендері, қонақ үйлер салынады. Ең бастысы, қала  Грузияның ғана емес, жалпы аймақтың өнеркәсіп орталығы болатын индустриялық айлаққа айналады.

ЛЕВАН АХВЛЕДИАНИ, АНАКЛИЯ ДАМУ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Алғашқы кемелерді 2020 жылы қабылдаймыз. Біз дамудың бірнеше кезеңін жоспарлап отырмыз: бірінші кезең порттың сегіз миллион тонна жүк қабылдай алатынын көрсетеді. Барлығы 9 кезең болады. Жобаның жалпы құны 2,5 миллиард доллар . Бұл жүктің барлық түрін өткізе алатын көп функциалды кемежай  атанады. Дамудың толық  кезеңі аяқталған соң, ол жүз миллион тонна жүк қабылдауға қауқарлы болады.

Анаклия портының қызметін тұтыну уақыт пен ақшаны үнемдейді. Еуропа, Қытай және ТМД елдерімен еркін сауда жөніндегі келісімдердің арқасында Грузия инвесторлар үшін аса тартымды. Көптеген шетелдіктер осында өз өндірістерін ашуға мүдделі.

ГИОРГИ ГАГАНИДЗЕ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПШЫ:

 - Анаклия портының аумақтық орналасуын және оның барлық мүмкіндіктерін ескере отырып, Азиядан Еуропаға жүк тасымалдау уақытын екі есеге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Анаклия порты өз жұмысын 2020 жылы бастайды. Бірақ қазірдің өзінде консорциум Қазақстаннан бөлек, Қытай, Әзербайжан және басқа да елдермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған. Бұл жобаның маңыздылығын әрі аймақтың көлік дәліздерін дамытудағы ролін айғақтайды.