Талдықорғандық зауыт екі миллионыншы өнімін шығарды. Бүгінде бұл аккумуляторлар ішкі нарықтан бөлек, ТМД елдері мен Еуропаға, көршілес Қытайға және алыстағы Африкаға экспортталады. Отандық кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көп. Индустрияландыру бағдарламасы аясында зауыт жергілікті халықты жұмыспен қамтып, үздіксіз жұмыс істейтін жаңа желіні де іске қосқан. Алдағы уақытта өнімнің көлемін ұлғайтып, зауыттың қуатын арттырмақшы.   

КӘМИЛА ЖЫЛҚЫБАЕВА, ЖҰМЫСШЫ:

 - Біз міне жылдың аяғында зауытымыз екі миллионыншы аккумуляторын шығарып отыр. Біз өте қуаныштымыз. Және бұл жалғыз Қазақстан ғана емес, ТМД-ға, Польша, Германия, Беларусь, Украина, Қытайға, жан-жаққа аккумуляторымыз өтіп жатыр.

Зауыттың мақсаты – ауқымын кеңейтіп, өнімін арттыру. Бұрын қолданылған аккумуляторларды қайта өңдеп, шетелге дайын өніммен қатар қорғасын шығару көзделіп отыр.

ҚУАНЫШ ӘЖМАҒАМБЕТ, ЗАУЫТ БАСШЫСЫ:

 - Қай затты да нарыққа шығару қиын емес. Оны дұрыстап сату керек. Орынды сату керек. Нарық заңын пайдаланып, сапамыздың жоғарылығының арқасында, бағамыздың ыңғайлылығының арқасында соның 70 пайызын экспортқа жіберіп, оның ішінде жаңа елдерді игеріп жатырмыз.   

Кәсіпорын Германиямен тығыз байланыста. Болашақта Батыс Еуропадағы тағы бірқатар елдерінің нарығына шығуды көздеп отыр. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса, зауыт жылына үш миллион дана акумулятор шығарады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер