Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жол картасын бекітті. Еске салсақ, аталған құжаттың әзірленіп жатқаны туралы Минскіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуде мәлімдеген болатын. Жол картасы екі ел арасындағы ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған 50 кешенді шараны қамтиды. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин атап өткендей, аталған шараларды толыққанды және уақытылы орындау транспаренттілік, заңдылық және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ортақ нарық қүруға мүмкіндік береді және достық пен тату көршілік дәстүрінде сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге серпін береді. Бұған қоса, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талаптарын сақтау бағытында бірлескен жұмыстар атқарылмақ.

АСҚАР МАМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Құжат екі ел арасындағы ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған 50 кешенді шараны қамтиды. Мұның барлығы қырғыз экономикасының Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына толығымен сәйкес келуін қамтамасыз етіп, Қырғызстан тауарларын - Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығаруға бағытталған. Енді "Жол картасына" қол қойылғаннан кейін екі ел де - кедендік, салықтық, ветеринарлық, фитосанитарлық және сан-эпидемиалогиялық бақылауды ЕАЭО-тың ішкі шекара талаптарына сай жүргізеді. Ал, қазақ-қырғыз шекарасындағы экспортты-импорттық және тасымал қауіпсіздігін  еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қамтамасыз етеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер