Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы биыл 700 миллион АҚШ долларына жетуі мүмкін. Инвестиция көлемі де едәуір артқан. Поляк бизнесінің қазақ экономикасына құйған қаржысының көлемі 300 миллион долларға жуық. Осы көрсеткіштерді еселеу мақсатында Польша Қазақстанмен экспорттық және инвестициялық қатынастың даму бағытын өзгертті. Яғни бұған дейін екі ел арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынасқа еліміздегі Польша елшілігі жауапты болса, ендігі жерде көп мәселе арнайы құрылған сыртқы сауда бюросының  құзырында болады. Екі ел арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында құрылған бюро Астанада 2018-ші жылы жұмысын бастайды. Бірлескен инвестициялық қаржыландыру саясатын бақылап отыратын орталықта арнайы жұмыс тобы бар. Бұл орталық Польша банкі арқылы Қазақстандағы поляк кәсіпкерлерін қолдау мақсатында жалпы сомасы 300 миллион еуро көлемінде несие береді.

АНДЖЭЙ СТЭФАНЬСКИЙ, "ЭСКПО-2017" ПОЛЬША БӨЛІМІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОМИССАРЫ:

 - Қазақстанда иневесторларға қолайлы жағдай жасалғаны бізді қуантпай қоймайды. Поляк компаниялары Қазақстан нарығында жұмыс жасауға ынталы. Өнімдерін өткізу ғана емес, осында өз өндірістерін ашу ниеттері де бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер