Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ықпалдастығы тереңдей түсті. Өткен 9 айда қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 30 пайызға жуық ұлғайып, 11 млрд доллардан асып жығылды. Соның ішінде елімізден экспорт көлемі де артқанын атап көрсету қажет. Ресей нарығын бағындырған ірі кәсіпорындардың бірі –  «Ақтөбе рельс арқалық зауыты». Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы «Р-65» стандартымен теміржол рельстерін шығаратын жалғыз кешен. Жылына 200 мың тонна таза рельс және 230 мың тонна арқалық бұйымдарын дайындайды. Зауыт келесі жылдан бастап толық қуатында жұмыс істейді. Осы жылдың 9 айында кәсіпорында 31,2 млрд. теңгеге 116,4 мың тонна рельс өнімі шығарылды. Ақтөбелік кәсіпорын Ресей Федерациясынан өзге, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан елдеріне өнім экспорттап отыр.

Елдер арасындағы экономикалық ықпалдастықтың дамуына шекаралас аймақтардың маңызы зор. Мысалы, Атырау өңірінде бірлескен кәсіпорындардың саны 350-ге жеткен.

ҚАРЛЫҒАШ БЕКБАЕВА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жыл басынан бері Ресей мен Атырау облысы арасындағы  тауар айналымы 13 миллиард 508 мың АҚШ долларына жетті. Бұл жерде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсім 36,3 пайыз көлемінде. Оның ішінде экспорт 12 миллиард доллардан асты. Өсім көлемі – 48 пайыз. Импорт болса, 1 миллиард 279,4 млн. АҚШ доллары, импорт көлемі 77,9 пайызға азайған.

Атыраудағы мұнай өндіруші компанияларға сервистік қызмет көрсететін бұл кәсіпорын тиімді ықпалдастықтың айқын мысалы. 2005 жылдан бері бұл мекеме мұнай химиясы, мұнай өңдеу және мұнай өндіруші компанияларға жобалау және қондырғыларға қызмет көрсетумен айналысады. Өз ортасында кәсіби шеберлігімен көзге түскен компания келешекте ірі жобаларда бақ сынамақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер