Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігі күні аталып өтілді. Елордада WED Talks&Workshops конференциясы ұйымдастырылды. Шара кәсібін дөңгелетіп жүрген және жеке ісін енді бастаған іскер азаматшаларды жиды. Форумның спикерлері – бизнесі өзгеге үлгі болар жетекшілер мен кәсіпкерліктің қыр-сырына үйрететін кеңесші-бапкерлер.  Тыңдаушылар тәжірибелі әріптестерінің аузынан табыс кілтіне жетелеген құпияларын естіп, білікті мамандардың тұшымды кеңестерін алды.

Конференция барысында маркетинг, кәсіп басқару, өнімділікті арттыру, сәтті жүзеге асатын жобаларды таңдау сынды іскерлік қабілетті дамытатын бірқатар тақырыпта дәріс оқылды.

МЕРЕЙ МҰСТАФИНА,  WED ҰЙЫМЫНЫҢ ТМД  МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 - Біз іскер азаматшаларды ынталандырамыз.  Оларды көпшіліктің  кәдесіне жарар, әрі өздеріне пайдалы инновациялық жобаларды іске асыруға үгіттейміз. Немесе осы мерекені атап өту арқылы жеке ісін дөңгелетіп жүрген нәзік жандыларды кәсібінің іргесін кеңейту үшін әріптестер табуына жағдай жасауға тырысамыз.

Биылғы конференцияның тақырыбы – «Көбелектің әсері». Ұйымдастырушылар осы арқылы әр кәсіпкер әйелдің бойына көшбасшылық қасиетті сіңіріп, кез-келген шаруа қолдарынан келетінін ұғындыруды тырысып баққан. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер