Қазақстан ұны мен бидайы, күнбағыс майы. Оған қоса, уран, мыс, титан, ферроқорытпа. Отандық қайта өңделген тауарларға сыртқы нарықта сұраныс жоғары. Биыл өңделген экспорт көлемі 22 пайызға артып, 11 млрд доллардан асып түсті. Сондай-ақ, қазақстандық экспорт жаңа өнімдермен толықты. Мысалы, ел тарихында алғаш рет еліміз Орталық Азия мен Украинаға электровоздар мен тепловоздар жеткізуді қолға алды. Ал Қытайға отандық автокөліктердің алғашқы партиялары жөнелтілді. Таяу Шығыс, Кавказ және Беларусь елдеріне аккумуляторлар экспорттасақ, Вьетнам мен Моңғолия дәріханаларында қазақстандық дәрі-дәрмек сатыла бастады.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Ресей, Орталық Азия, Қытай. Қазақстандық өнімдер жеткізілетін басты нарықтар міне, осылар. Мысалы, Ресейде қазақстандық тауарларды ілгерілету бойынша 50-ден аса көрме-жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Қытайлық бизнес тарапынан да қызығушылық жоғары. Бүгінгі күні өңделген өнім экспортының көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құраса, соның 123 миллионы дайын өнім экспортына келеді. 

Ведомство мәліметіне сәйкес, Орталық Азия елдеріне тауар экспорттау 1 жарым млрд долларды құраған.  Жалпы, Қазақстан осы аймақтың үздік экспорттаушыларының бестігіне енгенін атап өткен жөн. 

ӘНУАР ШӨЖЕҒҰЛОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Орталық Азия елдеріне біз метталлугия өнімдері, фармацевтикалық препараттар, ұн, азық-түлік экспортталды. Орталық Азияға Қазақстан өнімдері осы жылдың басынан бастап 30 пайызға өсуі байқалады.

Орталық Азия аймағында бізге ең жақын орналасқан нарық – Өзбекстан. 32 миллиондық тұтынушысы бар көршіміз біздің тауарларды жеткізу жағдайларын оңтайландыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

МЕЙРЖАН МАЙКЕНОВ, «KAZAKH INVEST» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жақында Өзбекстан ұнға деген акциздерін 11 пайыздан 0-ге дейін төмендетті, сондай-ақ, автокөліктер акцизі 70-тен 42 пайызға түсірді. Яғни, олар қазақстандық тауарлар үшін өз нарығын ашып отыр. Жалпы, Өзбекстанмен арадағы тауар айналымға келсек, ол қазір 2 млрд долларды құраса, соның бір миллиардтан астамы қазақстандық экспорттың үлесінде. Демек, олардан алатынымыздан экспортымыз басым. Сондықтан бұл жерде әлеует мол. Және біз өзбек нарығын одан әрі меңгеруд көздеп отырмыз. 

Бүгінде Қазақстан ірі экспорттаушы елдердің арасында 52-ші орынды иеленіп отыр. Еліміз әлемнің 113 мемлекетіне 800-ден астам тауар түрін сатады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер