Қазақстан мен Қытайдың байланыстары стратегиялық сипатқа ие. Әріптестік байланыс барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Халықаралық саясаткерлердің пікірінше, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Шығыстанушы Юрий Тавровскийдің айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың сенімді даму қарқыны ұзақ мерзімге арналған жоспарлардың нәтижелі орындалуына байланысты.

ЮРИЙ ТАВРОВСКИЙ – ШЫҒЫСТАНУШЫ, РЕСЕЙ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Бүгінде әлемде екі ұзақмерзімді жоспар бар. Бірі Қытайда, екіншісі Қазақстандағы 2050 жылға арналған даму жоспары. Екеуі де қазір белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Біз Қытайдың да, Қазақстанның да бастамаларының құр елес емес, көшбасшыларының көрегендігі деп білеміз. Бұл ұлттың өмірлік дамуы үшін қажеттіліктер.

Қазақстан мен Қытайдың арасындағы сыртқы сауда айналымы биыл 31 пайызға артты. Экспорт көлемі – 3 жарым млрд, ал импорт — 3 миллиард долларды құрады. Қазақстан Қытайға мыс, радиоактивті элементтер, ферроқорытпасы және басқа да металдарды саудалайды. Шығыстағы алып көршімізбен Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары белсенді әріптестік орнатқан. Бұл аймақтар екі ел арасындағы сауда-саттықтың 51 пайыздық үлесіне ие. Көршімізден келетін тауарлардың көлемі де артқан. Көбінде ұялы телефон, компьютер және киім-кешек әкелінеді. Қытайдан кірген тауарлардың 48 пайызы Алматының үлесінде.

МА СЯОXЭ, ҚЫТАЙ МАКРОЭКОНОМИКА ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Биыл әлем экономикасы біртіндеп оңала бастады, бұл сыртқы сауда айналымының артуына ықпал етті. Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы көрсеткіштерге жетті. Бұл екі елде де ішкі сұранысының артқанын көрсетеді.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың сыртқы сауда көлемін еселеуге мүмкіндігі мол. Ол үшін еркін экономикалық аймақтардың статусын еркін логистикалық аймақ дәрежесіне дейін көтеру керек. Сонымен қатар, бірлесіп жаңа теxнологияларды игеру қажет дейді.

ЛЮ БАОЧЭН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ЭТИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы көрші елдермен ұзақ мерізімді стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сенімділік артып, әріптестік нығая түсті. Қазір жасыратыны жоқ, көптеген мемлекеттер бас пайдасын ғана көздеп, экономикалық қарым-қатынастар бәсеңдеп кетті. Алайда, Қазақстан көршілерімен тығыз байланыс орнатып, экономикалық өрлеуге қол жеткізді.

Өткен аптада ғана Қазақстан Қытаймен 5 миллион 300 мың доллардың экспорттық келісімшартына отырды. Үрімшіде өткен бизнес форумда 13 отандық өнім өндіруші жүзге жуық жергілікті компанияға өз тауарларын таныстырды. Қазақстан мен Қытайдың инфрақұрылымдық жобаларының ортақ мүмкіндіктеріне өзге мемлекеттер де қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, Украина жаңа «Жібек жолы» бастамасына қатысуға ниетті. Жобаның табысты іске асуы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Еуроодақ елдерімен қатынастарды нығайтуға септігін тигізеді. Бұл туралы Украинаның инфрақұрылым министрі Владимир Омелян Киевте өткен Жібек жолы форумында мәлім етті.

ВЛАДИМИР ОМЕЛЯН, УКРАИНАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МИНИСТРІ:

 - Қытай тарапы «Ұлы Жібек Жолы» жобасын жүзеге асыратын арнайы қордың құрылғанын мәлімдеді. Бүгінде бұл фонд Қазақстан, Украина мемлекеттерінің қолдауымен жұмыс жасайды. Желтоқсан айында тараптардың қатысуымен теңіз, темір және көлік жолдарының дамуына қатысты нақты бір келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр. Бізде Қытай және Қазақстан тараптары теңіз және темір жолдармен жүк тасымалдау, автокөлік жолдарының құрылысы бойынша жобаларымызға қатысады деп үміттенеміз.

«Ұлы Жібек Жолы» жобасының болашағы аса зор. Тек төрт жылда Қытай жағы «Бір белдеу, бір жол» жобасына 50 млдр долларға жуық қаржы құйған. Украина басшылығы мен кәсіпкерлері ежелгі Жібек жолын қайта жаңғырту халықтарды жақындастырып, жаңа жобаларда бірлесе жұмыс істеуге жол ашады, ал Қазақстан мен Қытайдың маңызды роль атқаратыны айтпа са да түсінікті деген пікірде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер