Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасында көлік, логистика, денсаулық сақтау, су шаруашылығы және мамандарды даярлау салаларында ынтымақтастықты нығайту. Осы бағыттарда жүргізілген жұмыстың нәтижелері Сеулде «Корея Республикасы-Орталық Азия» ынтымақтастық форумы Хатшылығы атқарушы комитетінің алғашқы отырысында талқыланды. Оған оңтүстіккореялық министрліктердің және үкіметтік ұйымдарының өкілдері, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан елшіліктерінің қызметкерлері қатысты.

КИМ ГВАН ГЫМ, «КОРЕЯ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Қарашаның ортасында біз су ресурстарын қолдану ақылды жүйесімен таныстыру жобасын іске асырамыз. Оған Қазақстан және тағы екі Орталық Азия елдерінің мамандары қатысады. Оңтүстіккореялық K-Water корпорациясы бір апта бойы он адамды оқытады. Орталық Азия аумағында су ресурстарды басқару өте маңызды қызмет, сондықтан тәжірибе мен біліміміз пайдалы болады деп ойлаймын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер