Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық көлемі биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 12 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 30 пайызға көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі. Оның ішінде экспорт 4 миллион долларға жуықтаса, импорт көлемі 9 миллион доллар шамасында. Ведомство мәліметтеріне сәйкес,  елімізден көбінесе минералдық өнімдер, металл және металл бұйымдары, химия өнеркәсібінің өнімдері, машиналар мен құрал-жабдықтар экспортталады. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға минералдық және химия өнеркәсібінің өнімдері және жабдықтар жеткізіледі. Одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы сауда айналымымызда Ресей Федерациясының үлесі – 92 пайыз, Қырғызстан Республикасымен - 4,4, Беларусь Республикасымен 3,6 пайызға тең болып отыр. Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ аясында екі және көп жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік бар.

ЭДУАРД ПОЛЕТАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты және бесжақты кооперация синергия әсерін пайдалана алады. Сөйтіп, тауар айналымының құрылымын қосымша құны жоғары өнімдермен толықтыруға, оны одан әрі дамытуға жол ашылады. Одақтың 2025-ші жылға дейінгі жоспарына сәйкес, бірнеше ортақ нарық құру жоспарланған. Атап айтқанда, электр энергиясының ортақ нарығы, мұнай мен газдың және тағы басқа ортақ нарықтар құрылмақ. Қазір елдер арасындағы тауар айналымы едәуір артып отырғанын көріп отырмыз. Биылғы 9 айда отыз пайыздық өсім тіркелді. Бұл жағдай бәрімізді де қуантып, келешекке сеніммен қарауға мүмкіндік береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер