Еліміз 2020 жылға дейін транзит тасымалынан 5 млрд доллар пайда табады. Елордада өткен «Транс Еуразия-2017» халықаралық конференциясы барысында осындай мәлімдеме жасалды. Басқосуда Азия мен Еуропа құрлықтарын байланыстырушы көпірге айналған Қазақстан жерін кешетін трансұлттық дәліздердің әлеуеті талқыланды. Мамандардың айтуынша, Қытайдан Батыс елдерге жөнелтілетін транзит көлемі жыл санап артып келеді. Алдағы уақытта Ресейден Орталық Азияға баратын жүк те көбейе түспек. 2020 жылға дейін мемлекетіміз арқылы өтетін контейнердің санын екі млн-ға  жеткізу көзделіп отыр. 

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Қазіргі күнде ешқандай кедергі жоқ. Керек инфрақұрылымды жасадық. Ол теміржол, автожолдар. Бакуда жаңа Баку-Тблиси-Карс темір жол учаскесі ашылды. Ол аумақ Ол Түркия, Оңтүстік Еуропаға бару үшін үлкен көмек болады. Сондықтан осы аумақтың арқасында Ресей арқылы Еуропаға 2020 жылға дейін 800 мың контейнерлі Қытайдың транзитін жібереміз деп жоспарлап отырмыз.

Басқосуда Латвияның сала өкілдері Жаңа Жібек жолының қатысушысы атануға ниетті екендіктерін жеткізді. Қазір тараптар жүк ағынын қамтамасыз ету үшін Қорғас кемежайында логистикалық орталықты дамыту бағытында ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр. Латвиялықтар еліміздің шойын жолдарымен қатар жүк сақтайтын қоймаларды кәдеге жаратудан дәмелі.

УИЛДИС РАЙМАНИС, ЛАТВИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС МИНИСТРЛІГІ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан арқылы Ресейге, кейін Латвиядан Германияға қытай тауары тиелген алғашқы контейнерлік пойыз жетті. Болашақта бұл бағыт бойынша тасымал ісі жиілене түспек. Балтық елдерінің транзиттік жолдары да қазақстандық инвесторлар үшін ашық. Алдағы 2 жылдың ішінде бұл келісімнің шарапатын көреміз деп сеніммен айта аламын.

Сондай-ақ, жақында Қазақстан жылдам темір жол қатынасын қамтамасыз ететін «Еуразия» жобасының қатысушысы атанбақ. Аталмыш ауқымды бастаманың бір бөлігі еліміз арқылы өтпек. Қазіргі таңда бұған қатысты келіссөздер жүргізілуде.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер