Парламенттегі Қазақстан мен Грузияның достық тобы еліміздің Тбилисидегі дипломаттарымен кездесу өткізді. Тараптар стратегиялық және сауда-экономикалық серіктестіктің маңыздылығын айтып, екі жақты ынтымақтастықты тереңдету туралы сөз қозғады.

КАХАБЕР ОКРИАШВИЛИ, ПАРЛАМЕНТТЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ГРУЗИЯ ДОСТЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Мен Грузия-Қазақстан достығы деп аталатын Парламенттегі топқа жетекшілік етемін. Дәл осындай достық тобы Қазақстан Парламентінде де бар. Бүгінгі кездесуде топ құрамындағы азаматтар Қазақстан Елшісімен танысты. Өткен істерді сараптап, болашаққа жоспар да құрып қойдық.

Жиында сөз сөйлеген Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Ер-мұхамет Ертісбаев, Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы баяндады. Жаңадан ашылған Баку-Тбилиси-Карс теміржол бағытының маңыздылығын да атап өтті.

ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ, ГРУЗИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛШІСІ:

 - Грузия Парламентінің 18-ге жуық депутаты Қазақ-грузин достық қоғамына кіреді. Сонда олар өзара үн қосып, екі жақты қарым-қатынастың нығаюына ықпал етерліктей күш-жігерін жұмсайды. Мен оларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен таныстырып, елші қызметімде атқарылған жұмыстарды кезең-кезеңімен жеткіздім.

Қазақстан – Грузияның маңызды экономикалық әрі стратегиялық серіктесі. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында екі жақты тауар-айналымның көлемі 49 жарым млн АҚШ долларына жеткен. Жыл сайын Грузияда бизнес-форум ұйымдастырылып, нәтижесінде көптеген қазақ іскерлері грузин серіктестіктерімен кездесулер өткізеді.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер