Қазақстан экономикасына инвестиция салған шетелдік инвесторлардың саны артып келеді. Соңғы 12 жылда тартылған қаражат көлемі 248 млрд доллардан асып отыр. Бұған  елде қолға алынған мемлекеттік қолдау шаралары септігін тигізсе керек. Инвестицияларды тартуға арналған Кazakh Invest ұлттық компаниясы құрылды. Кедендік және салықтық жеңілдіктер де қарастырылып отыр.  

АЙЖАН МҰҚЫШБАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Қарапайым ғана қосымша құн салығын алатын болсақ, инвестордың өндірген өнімінің өзіндік құнын азайтуға көмектеседі. Корпоративтік табыс салығынан босату, жер салығынан босату компанияның 10 жыл бойы қаржылық құралдарын көбейтіп алуына, біздің елде орналасуына ықпал етеді.

Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесе Ұлттық инвестициялық стратегия әзірледі. Бағдарлама 2018-2022 жылдарға арналып отыр. Қазіргі уақытқа дейін шетелдік бизнес капиталы, негізінен, өндіруші салаға бағытталса, енді өңдеу саласына басымдық берілмек. Инвестициялық стратегия осыны көздейді. Қазақстан экономикасының жаңа салаларына да шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артқандығын да айтқан жөн. 

САНДЖИТ ДАНГ, «INTEL CAPITAL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

 - Меніңше, Қазақстан – болашағынан зор үміт күттіретін, тұрақтылық орнаған қуатты мемлекет. Сіздердің елдеріңіз алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Біз бұл бағытта қолдау көрсетуге әзірміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер