Еуразиялық интеграцияны дамытудың жаңа драйвері қандай болуы тиіс? Мәні зор осы мәселе XII «Еуразиялық интеграция» халықаралық конференциясында талқыланды. Маңызды жиында басымдық қаржы, инвестиция, инфрақұрылым саласындағы интеграцияны дамытуға, ішкі экономикалық серіктестікті кеңейтуге қойылды.

ДМИТРИЙ ПАНКИН, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Ортақ тауар айналымының өсімінде тоқырау бар екенін көрдік. Біздің елдер арасында, басқа сырт мемлкеттер сияқты шикізат, мұнай немесе газ саудасы жүрмейді.  Мұнда қосымша құнымен тауар тежеген көліктердің тауар айналымы бар. Бұл өте жақсы.

Конференция барысында Еуразиялық банк пен Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

НАТАЛЬЯ КОРЖОВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біздің магистранттар мен докторларға бірден жұмысқа кірісуге мүмкіндік беретін немесе келесі жаңа буынды оқытып, үйрететін білім керек. Не болмаса, бүгінгідей нарыққа қажет мамандарды жеке-дара дайындап шығару керек. Яғни, қаржы саласын жақсы білетін сауатты сарапшылар даярлануы тиіс. Олар ертеңгі күні Қазақстан мен ЕАЭО-тың әрқайсысының орнын біліп, елімізді сыртта қалай көрсету керек екенін және экспортқа арналған тауарлармен қалай жұмыс жүргізу қажеттігін білуі шарт.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер