Қазақстан «инвесторлар үшін ең қолайлы мемлекет» деп танылды. Дүниежүзілік банктің «DOING BUSINESS 2018» рейтингінде еліміз «Миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау» көрсеткіші бойынша 190 мемлекеттің арасында 1-ші орынға шықты. Барлығы 10 көрсеткіш бойынша түзілетін жалпы рейтингте 36-шы орындамыз. Ал тізімде Жаңа Зеландия, Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг елдері көш бастап тұр.

ҒАЛИЯ ЖОЛДЫБАЕВА ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 1-ші орынға ие болып отыр. Былтыр бұл 3-ші орын болатын. Және «Келісімшартты орындау» индикаторы бойынша 10 үздік елдің ішінде 6-шы орынға ие болып отырмыз. Былтыр 6-шы орын болатын. 6 индикатор бойынша Қазақстанның ұстанымы жақсарды. Бұл: «кәсіпорындарды ашу» - 41-ші орын , «салық салу» – 50-орын, «меншікті тіркеу» - 17-орын, электр желілерін қосу - 70-орын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер