Қазақстан экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуде. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде көрсеткіш 32 пайызға артқан. Мұндай ақпарат Сенатта елдің экспорттық саясатын дамытуға арналған жиында белгілі болды. Айту керек, қазіргі таңда қазақстандық кәсіпкерлер әлемнің 118 еліне мыңнан астам тауар түрін жеткізеді. Экспорттың 50 пайызы Италия, Қытай, Нидерланд және Ресейге бағытталып отыр. «Ұлттық экспорттық стратегия сыртқы сауда көлемін ұлғайтпақ»,-дейді жиынға қатысушылар.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР  ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Стратегияның басты мақсаты – 2022 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін 1,5  есеге арттыру. Сондай-ақ, тауарды өткізу нарығын әртараптандыруды көздеп отырмыз. Мұнымен қоса, әріптестік үшін аса маңызды елдерге шикізаттық емес тауарлар экспортының өсімін қамтамасыз етпекпіз.     

Стратегияда 27 маңызды серіктес ел белгіленген. Олардың қатарына Ресей, Қытай, Беларусь, Үндістан, Түркия, Иран, Әзірбайжан, Грузия, Ұлыбритания, Германия және Италия сынды елдер еніп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер