Қазақстан мен Молдова арасындағы тауар айналымы 20 миллион долларды құрап отыр. Осы көрсеткішті 200 миллион долларға жеткізуге әлеует жеткілікті, дейді сарапшылар. Молдовадан Қазақстанға экспортталатын тауарлардың 80 пайызын жеміс-жидек, көкөніс, консервілер мен танымал молдова шарабы құрайды. Ал, Молдовада Қазақстанның химия саласындағы өнімдері, түрлі препараттар мен минералдар сұранысқа ие. Соңғы үш жылдағы екі арадағы алыс-беріс көңіл көншітпей отыр. Олқылықтың орнын толтыруға Транскаспий көлік дәлізін құру көмектесе алады.

САМАТ ОРДАБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ МОЛДОВАДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Молдовамен қарым-қатынас болашаққа бағыт болатынын білемін. Менің ойымша, ол жердің жақсы географиялық жағдайын ескере отырып, біз Молдова арқылы Балқанға тауар тасымалдай аламыз. Қазақстандық астық, мұнай, газ, - бұлар Шығыс Еуропа мен Балқан елдеріне тікелей инвестициялардың бір түрі болмақ.

Мемлекетаралық қатынастардың дамуына тек экономикалық емес, әлеуметтік саладағы байланыс та әсер етпек.

РОМАН СТАНКОВ,  ҚАЗАҚСТАННЫҢ МОЛДОВАДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛЫ:

 - Біздің басымдық әлеуметтік-мәдени шараларға қойылған. Біз халықтың осал топтарына белсенді түрде көмектесеміз. Сондай-ақ, интернаттарға жүйелі түрде материалдық-техникалық тұрғыда қол ұшын беріп тұрамыз.  

Осы жылдың сәуір айында Қазақстан мен Молдова басшылары кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылаған еді. Бірақ, сарапшылардың айтуынша тауар айналымын жақсарту үшін саяси ерік жеткіліксіз. Бұл жерге бизнестің қызығушылығы керек.

ВАЛЕРИЙ ОСТАЛЕП, ДИПЛОМАТ:

 - Біз Еуропа елдері сияқты мүдделіміз. Себебі, Қазақстан - үлкен нарық. Ал, біздің халықтың басым бөлігі нарықтық бағыттағы Қазақстанның мүмкіндіктерінен хабарсыз. Мәселен, біз үшін Молдавиядағы Қазақстанның әлеуеті қызықтырады. Өйткені сіздерде капитал бар. Сондықтан, Молдавия - Қазақстанға іскерлік-серіктес ретінде қызығушылық танытатыны – заңдылық.

Экономикалық көрсеткіштерді реттеуге болады. Қолайлы жағдай жасалса болғаны, дейді сарапшылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер