Қазақстандық көлік өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті артып келеді. Жақында елімізде құрастырылған темір тұлпарлар Өзбекстанның нарығына шығатын болады. Бұл туралы «ҚазАвтоөндіріс» саласындағы кәсіпорындар одағы басқармасының төрағасы Олег Алфёров мәлімдеді. Оның айтуынша, оң үрдіске көрші мемлекеттің шетелдік көліктердің енуіне тұсау болған кедендік кедергілерді жоюы себеп болған. Қазіргі таңда жаңа әріптестіктің алғышарттары қарастырылуда. Жалпы, биылдың 9 айында ғана өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда көлік құралдарын өндіру 3 есеге ұлғайған. Осылайша, өнеркәсіптің  ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі шамамен 40 пайызға артыпты. Отандық үлес - 24-тен 37 пайызға дейін жеткен. Жыл басынан 13 мыңнан артық автомобиль шығарылса, оның 1200-ден астамы сырт елдерге экспорталды.

ОЛЕГ АЛФЁРОВ, «ҚАЗАВТОӨНДІРІС» КӘСІПОРЫНДАР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Үшінші тоқсанда шетел нарығына шығу үрдісі жандана түсті.  жергілікті зауыттарда шығарылған көліктердің басым бөлігі Қытайға сатылды. Бұл шамамен экспорттың 82 пайызы. Қалған 18 пайызы Ресей, Беларусь және Тәжікстан елдерінің үлесінде. Елімізде құрастырылған бар автомобильдің 9 пайызы сырт елдерге жөнелтілді. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселеудің әлеуеті зор. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер