Тау-кен өндiру – экономиканың қозғаушы секторларының бірі. Бүгінде Қазақстан осы саланы белсенді түрде дамытып, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасауда. Қабылданған шаралар өз нәтижелерін бере бастады. Атап айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы кен байыту комбинаты инвестор қаржысының қолдауымен қайта іске қосылады. Бұл зауытта бұрын тантал, литий және ниобий сияқты өте сирек кездесетін металлдар өңделген. Жаңадан келген инвестор мемлекеттің қолдауы арқасында комбинатты қайта жандандырып, кеншілер ауылында көлемді жұмыс жүргізбек.

СЕРІК НҰРҒАЛИЕВ, КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Сирек кездесетін металдарды терең өңдейтін мұндай зауыт елімізде жоқ. Сондықтан оны тезірек іске қосу керек.

Инвесторлар комбинатты қайта жарақтау үшін алғашқы кезеңде 80 миллион теңге жұмсады. Енді мемлекеттен 2 миллиард теңге несие алу жөнінде келісім жасалды. Бұл қаржы жаңа технология өндіріп, кенттің инфроқұрылымын жөндеуге жұмсалады.

Ал Сыр өңіріндегі «Шалқия» кенішін игеруде тиімділігі жоғары жаңа технология пайдаланылады. Кәсіпорында руда тік конвейерлі әдіспен өндірілмек. Кенішті жаңғырту жұмыстары осыдан 3 жыл бұрын басталды. Бүгінде мұндағы қызу тірлік оның мүмкіндігі зор екенін айқындап тұрғандай.

ТАЛҒАТ СҰЛТАНБЕКОВ, «ШАЛҚИЯ ЦИНК ЛТД» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Энергоүнемді жаңа технологияларды қолданамыз. Соның арқасында жобада көрсетілген экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Кеніш аумағында келер жылы кен байыту фабрикасының құрылысы басталмақ. Бүгінде алдын ала руда қоры әзірленуде.

Жоба толық іске асқанда 1,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады. Шалқияда 2019 жылы - 2 миллион, ал 2021 жылы - 4 миллион тонна руда өндірілуі тиіс.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер