Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің агроөнеркәсіп саясаты бойынша арнайы кеңес құрылады. Бұл туралы алты мемлекеттің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуінде айтылды. Осындай форматтағы кездесу алғаш рет өткізіліп отыр. Мұнда Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясатын жүзеге асырудан бөлек, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, саланың экспорттық әлеуетін кеңейту, тұқым шаруашылығы, ветеринарлық-санитарлық бақылау, ветеринарлық дәрі-дәрмектерді тіркеу мәселелері сөз болды.

СЕРГЕЙ СИДОРСКИЙ, ЕЭК ӨНЕРКӘСІП ПЕН АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ БОЙЫНША МИНИСТРІ:

 - Осы кездесудің маңызы зор. Бес елдің министрлері ауыл шаруашылығындағы келісілген ортақ  саясатқа қол жеткізді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығындағы интеграцияны дамытуға бағытталған нақты шешімдерді қабылдады. Осындай басқосуларды тұрақты түрде өткізуге келістік. Сала басшылары арнайы Кеңес құруды жоспарлап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер