Қазақстан экономикасының нақты өсім қарқыны 2017-2020 жылдары 3% өседі. S&P агенттігінің болжамы осындай. Сарапшылардың пікірінше, өсімге инфрақұрылымды дамыту және Қашағанда мұнай өндіруді арттыру бойынша үкіметтік бағдарламалардың ықпалы зор болмақ. Осы ретте атап өтерлігі, Солтүстік Каспийдегі Қашаған кенішінде ілеспе газды жер қойнауына кері айдау жүйесі іске қосылды. Бұл әдіс теңіз түбінен өндірілетін мұнай көлемінің артуына септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша ілеспе газды кері айдау арқылы өндірілетін шикі мұнайдың көлемін тәулігіне 370 мың баррельге дейін жеткізуге болады. Бүгінгі күнге дейін жасанды аралдарда күніне 200 мың баррель мұнай өндіріліп келді. Қазір әрқайсысы 35 мегаваттық қуаты бар екі газ турбинасы жасанды аралдардың біріне орнатылып, жоспарға сәйкес жұмыс істеп тұр. Бұл – өте қомақты жоба. Мамандардың айтуынша, аталған газ турбиналарының қуаты «Боинг» ұшақтарымен теңбе-тең.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер