Қазақстан өңірлері инвестор тартуға басымдық беруде. Инвестициямен бірге тек қаржы емес, озық технология келіп, сапалы өнім өндіру мүмкіндігі артады. Сол себепті ел аймақтары инвестициялық әлеуеттерін ірі компанияларға таныстырып, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға тырысуда. Осындай мақсатта Almaty Invest-2017 форумы ұйымдастырылды. Жиында айтылғандай, соңғы 25 жылда оңтүстік шаһар экономикасы 100 есеге өскен. Мұнда инвесторлар қаржы салатын сала жеткілікті.

БАУЫРЖАН БАЙБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қалада инновациялық, экспортқа бағытталған кәсіпорындарға дайын инфрақұрылымы бар жер телімдері жеңілдетілген шартпен беріледі. Бүгінгі таңда құны 600 миллион долллар болатын 40 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоғары технологиялы компаниялар үшін арнайы экономикалық аймақ бар.   

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Осындай инвестфорумдардың ерекшелігі ол мына инвесторларды консолидировать етеді. Кәсіпкерлерге жол ашылады. Кәсіпкерлермен мемлекеттік шенеуніктердің арасында көпір болатын осындай жақсы жиналыс.

Жалпы, Алматы экономикасына салынған 1 мемлекеттік теңгеге 3 теңге жекеменшік инвестициядан келеді. Былтырғы форум нәтижесінде 7,7 млрд теңге қаржыға бес жоба іске асырылып, 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер